«Алғыс айту — парызым» тренинг-сабақ

Автор: Саханова Лейла Муратовна, Западно-Казахстанский Высший медицинский колледж, преподаватель психологии. Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Қажетті құралдар: жүрекше, карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар, майшам, магнитофон.
Тренинг жоспары:
1. Сәлемдесу.
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
3. «Ситуациялық жағдаяаттар»
4. «Құпия сыйлық» жаттығуы.
5. «Ортадағы қалам» жаттығуы.
1-жүргізуші: Қайырлы күн! «Алғыс айту парызым» атты Алғыс айту күніне арналған тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Елбасы Жарлығымен 1 наурыз- Алғыс айту күні болып жарияланды.
Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Сондықтан «Өмірге риза болып, алғыс айт“ деген сөз орынды. Ризашылық дегеніміз адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. Ендеше осы мерекеге қатысты тренингтерге белсене қатысып, бір бірімізге алғысымызды білдірейік.
1.Сәлемдесу.
Студенттер шеңбер жасап тұрады.
Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей, біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
1 нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық.
2 нұсқа. Бір–бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
3 нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу. Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар?
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз … қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.
3. «Ситуациялық жағдаяаттар»
Ал енді оқушылар екі топқа бөліне қояйық. Әр топқа бір ситуациялық жағдаяаттар беріледі.
1-топ. Автобуста екі қыз келеді, өзара қызу әңгіме үстінде, аузында сағыз, қасында тұрған үлкен әкейді қағып, итеріп жіберді де ештеңе айтпастан тұра берді. Атай ашуланып қыздарға, қандай тәрбиесі жоқ балаларсыңдар, үйде ата-аналарыңа солай жасайсыңдарма?-деді. Осы жерде дау басталды. Бұған кім кіналі? Сіздер қалай ойлайсыздар?
2-топ. Колледжге асығыс жүгіріп келдіңіздер, асыққандарыңыз сондай баспалдақ пен келе жатқандарыңызда алдарыңызда келе жатқан 2-3 баланы қағып кеттіңіздер де, түкболмағандай кете бердіңіздер. Ол балалардан кешірім де сұраған жоқсыз. Осы жерде бала сіз туралы не деп ойлайды? Не істеу керек?
4. «Құпиясыйлық» жаттығуы.
Студенттерге түрлі – түсті қағаз, желім, қайшы түрлі құрал – жабдықтар таратылып беріледі. Өз қалаулары бойынша сыйлық жасайды, бірақ кімге жасап жатқаны белгісіз. Соңынан артына цифр жазылған гул күлтелер ітаратылып беріледі. Реттік номер бойынша бірінші сан иесі екіге, екі үшке солай жалғаса береді. Сыйлық иесін тапқан соң ізгі тілектерін айтып, жасаған сыйлықтарын бір – біріне ұсынады.
5. «Ортадағы қалам» жаттығуы.
Барлық студенттердің қаламдарын жинап алып, көзді жұмып бір қалам таңдап алынады. Қалам иесін ортаға шақырып, қобдишадан тапсырма алу тапсырылады.
1 тапсырма: Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін айту тапсырылады. Ойын осылай жалғаса береді.
2 тапсырма: соңғы кезде теледидардан көріп жүрген теле сериалыңыздағы сүйікті кейіпкеріңізді сомдаңыз.
3 тапсырма:

Сонымен, рақметке лайықты кімдер?
Тізімді бірге құрайық! (оқушылар жауап береді).
Бастысы – алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін…
Өмір ол- достық, өмір-қастық, өмір- қуаныш, өмір- өкініш, өмір ол- сен, өмір ол- ата-анаң, өмір- достарың, өмір- аң-құстар. Бір сөзбен сені қоршаған орта. Осы бір өмірді сезінуге, танып білуге мүмкіндік берген, жарық сәуле сыйлаған ата-анамызға мың да бір алғыс.
Бүгінгі сабағымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылайық:
Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар;
Әлемде ЕгеменҚазақстан бар;
Оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар;
Ең бастысы — бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.
Сол күнге берік сенім бар!
Студенттер, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін , көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Шаттық шеңбері:
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге,
Ризамын, ризамын,
Ризамын бүгінге,
Ризамын, ризаын,
Ризамын, қазірге.
Скачать

Просмотров: 717

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сколько будет: * Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.

*