Отбасы — өмір тірегі

Автор: Хилибаева Эльонора Армановна, БҚО Теректі ауданы Ақсуат ЖОББМ, Өзін өзі тану пәнінің мұғалімі.

Өзін — өзі тану пәнінен ашық сабақ

Күні: 8.02.14
Сыныбы: 6а
Сабақтың тақырыбы: Отбасы –өмір тірегі.
Сабақтың мақсаты:
1. Отбасы туралы түсінік беру. Отбасы мүшелерінің міндеттерімен таныстыру.
2. Өз пікірлерін айтуға, талдау жасап қорытынды шығаруға дағдыландыру. Ойлау қабілетін дамытып шығармашылық әрекетін қалыптастыру.
3. Балалардың бойында ата-анаға деген сүйіспеншіліктерін, құрмет сезімін ояту. Сыйластыққа, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, мақал-мәтел, сөзжұмбақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру,
Пән аралық байланыс: Әдебиет,
Дәйексөз: Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері: Балалар шаттық шеңберге тұрып бір-біріне деген жылы лебіздерін айту. Сандықшадағы суреттерді ала отырып, топқа бөлінеді. (Әке, ана, бала топтар) Әр топ өзіне берілген әнін орындау.
Жаңа сабақ.
— Балалар қалай ойласыңдар, біз неліктен үш топқа бөліндік?
Баллалардың жауабы (отбасы, жанұя т.б)
— Отбасы дегеніміз не?
— Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді?
Олай болса мына отбасы мүешлерінің суретін уйдің бейнесіне орналастырайық.

Мұғалімнің сөзі: Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Отбасы – қоғамның бастапқы бөлшегі, алғашқы ошағы. Бірге өмір сүріп, бала өсіруді мақсат етіп, екі адам шағын қоғамды құрады. Отбасында сүіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық, болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады. Әрдайым отбасының босағасы берік, шаңырағы биік болуы, тату-тәтті өмір сүруі, бақытқа, қуанышқа бөленуі отбасы мүшелерінің бір-біріне жағымды қарым-қатынасына байланысты болады.
Әңгімелесу:

— Отбасының жарасымды болу үшін адамдарға қандай қасиеттер кажет екен?
— Өз отасыларыңның міндеті қандай?
— Отбасыңа өзің қандай көмек көрсетесің?
— Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?
— Отбасында бақ береке болу үшін неге байланысты?
Сергіту сәті: Топ-топ-топ
Мәтінмен жұмыс.
Отбасы татулығы
Аңыз әңгіме
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісіміде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Олар ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі тлып, ерекше бір шаттыққа бөлінеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытт, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.
Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.
— Сендер қалай ойлайсыңдар – ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді? Отбасындағы татулық пен бірлік болуы үшін қандай қасиеттер қажет?
Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
— Осы-ақ па?
— Иә,- деді ақсақал.
— Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады, — деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

• Өсиет әңгіменің мәні неде?
• Отбасының татулығн ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?
Мүғалім сөзі: Әрдайым отбасының босағасы берік, шаңырағы биік болуы, тату-тәтті өмір сүруі, бақытқа, қуанышқа бөленуі отбасы мүшелерінің бір-біріне жағымды қарым-қатынасына байланысты болады.
Шығармашылық жұмыс.
Енді, балалар, алдарыңдағы әр топқа сай етіп берілген мақалдарға қарай отырып, мән-мағынасын ашып көрсетіңіздер.(балалардың жауаптары тыңдалады)

Дәйексөз: «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы»
Қорытындылау:
Таудың суретіне киіз үйді орналастыру. Яғыни бүгінгі сбағымыздың қандай дәрежеде өткенін балалардан сұрау
Алтын сөз
Ұсақ болма, ірі бол!
Өз ортаңның гүлі бол!
Ата-анаңның көзінің,
Сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаңда әйтеуір,
Азаматтың бірі бол!
Туған елдің ұлы бол!
Ойға тоқы, парқын сез,
Ата сөзі – алтын сөз.

Скачать

Просмотров: 1 345

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сколько будет: * Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.

*