открытый урок по теме «Сокпак жол»

Автор: Ерменова Альмира Ауганбаевна, ВКО Курчумский район село Курчум «Курчумский детский сад», Воспитательница. Тәрбиеші: Ерменова А.А. Білім беру саласы: Экология. Бөлімі:Әлеумет,таным,шығармашылық,коммуникация,денсаулық. Тақырыбы: Экологиялық соқпақ Мақсаты: Білімділік:Экологиялық соқпақ жолмен саяхатқа шығу.Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап,өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету.Балалардың тақпақ айту арқылы сөздік қорларын молайтып,есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.Жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету.Жабайы аңдарға байланысты пазлдарды құрап,фланелеграфқа дұрыс орналастыру арқылы әңгіме құрастыруға байланыстырып сөйлеуге үйрету.Тәжірбие жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту.Тәжірбиенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету. Дамытушылық:Биік-аласа ұғымдардың мағынасын түсініп,таныс заттарды биіктігіне қарай салыстыру қабілеттерін, зейіндерін дамыту.Соқпақ жол арқылы жүріп,орман ережелерінің модулдері арқылы балалардың табиғатқа деген мейірімділік сезімдерін дамыту.Шағын топтарға бөлініп,жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Тәрбиелік:Балалардың аңдарға деген сүйішпеншілік сезімдерін оятып,ұоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға,табиғатты аялай білуге тәрбиелеу. Оқу қызметі арқылы балаларды достыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ресурстар:тапсырмалар, фланелеграф,тақта,пазл,қар,мұз.микрафон.қысқы орман.дәке,қайшы,компос,лупа,сумка.тұз,қант,ойыншық қоян,шырша,терек. Қостілді компонент:қоян-заяц-хэа. Түлкі-лиса-фокс.Аю-медведь-биа.Қасқыр-волк-уолф. Сөздік жұмыс: қырт-қырт,сырт -сырт.
Барысы:
Ұйымдастырушылық-қозғаулылық Шаттық шеңбер: Қуанамын менде, Қуанасың сенде. Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге.
Ұйымдастыру кезеңі: Тәрбиеші:-Балалар, қане барлығымыз табиғат бұрышына назар аударайықшы. –Қазір жылдың қай мезгілі? Балалар:-Қазір жылдың қыс мезгілі. Тәрбиеші:-Неліктен қыс мезгілі деп ойлайсындар? Балалар:-Өйткені айналамыз аппақ қар.Күн суық,аяз болады.Адамдар жылы киінеді т/б. Тәрбиеші:-Ендеше балалар қыс туралы тақпағымызды есімізге түсірейікші. Айсұлтан: Аппақ,аппақ жапалақтап, Қар жауады тынбастан. Қалың орман қар жамылған. Маужырайды түнгі аспан
Еркеназ: Біз тебеміз сырғанақ, Таудан төмен сырғанап. Бір шанада екеуміз, Құламайды екенбіз. Тәрбиеші:-Жарайсындар,балалар. Осы сәтте алыстан дауыс естіледі. Қыс ханшайымы:Сәлеметсіңдерме балалар. Балалар:-Сәлеметсізбе. –Здраствуйте. –hellо. Қыс ханшайымы:-Мен қыс ханшайымымын!Сендер қыс туралы айтып жатрсыңдар ғой? Сендер қыс туралы одан да көп білгілерің келсе,мен сендерді қысқы орманға саяхатқа шақырамын.Бірақ орманға жету үшін соқпақ жолдармен жүресіңдер.Соқпақ жолдарда сендерге көптеген кедергілер кездеседі.Сол тапсырмаларды толық орындасандар,сендерді тосын сый тосып тұр.Мен сендерге сол соқпақ жолдың сызбасын қалдырдым. Кездескенше балалар.
Тәрбиеші:-Ой балалар қыс ханшайымы шақырған саяхатқа барайық па? Балалар:-Ия,барайық,барайық. Тәрбиеші:-Ал балалар саяхатқа шығу үшін біз сумкамызды дайындауымыз қажет. Балалар:-Қажет заттарды сумкаға салады. Тәрбиеші: сол сәтте қыс ханшайымының сызбасы бар хатты тауып алады. Түсіндіру-Ой-балалар :мынау жанағы қыс ханшайымының бізге қалдырған сызбасы ғой. Осы сызбада көрсетілген қызыл белгі арқылы соқпақ жолмен орманға аттанайық . Балалар:-Тәрбиешіні мұқият тындап,соңынан ереді. Тәрбиеші:-Балалар біз қысқы орманға да келіп жеттік.Оо, қараңдаршы, балалар,мұнда қандай ғажап,қаңдай керемет! Қарды аяқпен басқанда қандай дыбыс шығады? Балалар:-Аяқпен басқанда қар сықырлайды,қытырлайды, (сөдік жұмыс қырт-қырт,сырт-сырт) Тәрбиеші: -Балалар,біз қыс ханшайымының бірінші тапсырмасына да келіп жеттік. Бұл жерде не көріп тұрсындар? -Балалар; екі шырша көріп тұрмыз. Тәрбиеші:шыршаларды салыстырайықшы? Балалар:Оң жақтағы шырша аласа,кішкентай,сол жақтағы шырша биік,үлкен. Тәрбиеші: Балалар шыршаның астындағы қарға назар аударындаршы, бізге қыс ханшайымы бірінші тапсырмасында қардың қасиеті жайында айтындаршы дейді. Қар қандай? Балалар: қар жұмсақ,үлпілдек, мамық сияқты.(қарды қолмен ұстап көреді, тәжірбие жасайды) Тәрбиеші:Қар тағы неге ұқсайды? Балалар:мақтаға,мамыққа,тұзға,қантқа. Тәрбиеші:Қарды жылы бөлмеге әкеп қойса қайтеді? Балалар: қар еріп кетеді. Тәрбиеші:Осы еріген қарымызды далаға суыққа шығарса не болады? Балалар:Мұз болып қатады. Тәрбиеші:Жарайсындар,балалар сендер қыс ханшайымының бірінші тапсырмасында орындадыңдар.Ал енді бойымыз тоңазып қалмау үшін сергіту жаттығуын жасайық. Сергіту сәті: Балалар (ағылшын әуенімен сергіту сәтін жасайды)
Скачать

Просмотров: 12

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сколько будет: * Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.

*