Кыскаша кобейту формулалары

Автор: Сейлханова Дамели Серикжанкызы, Кыскаша кобейту формулалары, Учитель математики.

Ашық сабақ: 7 класс

Пән мұғалімі: Д.С. Сейлханова

Сабақ жоспары:
Сабақ: алгебра Сынып: 7
Тақырып: Қысқаша көбейту формулалары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қысқаша көбейту формулалары тарауы бойынша білік дағдыларын қалыптастыру
Дамытушылық: Тарау бойынша алған білімдерін практикада пайдалана білу дағдысын қалыптастыру,таным қабілетін арттыру
Тәрбиелік:Болашаққа,өмірдегі өзгерістерге ойлы көзқараспен қарауға,қорытынды шығара білуге тәрбиелеу Сабақ түрі: қайталау сабағы Көрнекілігі: слаид,сәйкестендіру,кесте,сөзжұмбақ Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі:
a) Сәлемдесу ә) Оқушыларды түгендеу б)Сабақ мақсатын түсіндіру
II. Топқа бөлу: Үстелдің үстінде тұрған мақалдарды алып жалғастырады да екі топқа бөлінеді.
1-топқа: Дұшпаныңнан бір сақтан,
Жаман достан мың сақтан
2-топқа: Мыңның түсін танығанша,бірдің атын біл Психологиялық ахуал: Шаттық шеңберне тұрып,бір-біріне өздерінің бас әріптерінен бастап бір-біріне тілек айтады. Топ басшысын сайлап,бағалау парағын беру. Үй тапсырмасын тексеру. III.Өткен тақырыпты қайталау «Сәйкестендіру»

IV.Оқулықпен жұмыс №153, №155, №177, №196 , №197, №224, №225
Орындарында С деңгейінің есебі 2 оқушыға, А деңгейінің есебі 1 оқушыға
V. Математикалық диктант,сөйлемді аяқта

1. Екі өрнектің квадраттарының айырымы … осы өрнектердің айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең 2. Екі өрнектің қосындысының квадраты … бірінші өрнектің квадратына,плюс екі еселенген бірінші және екінші өрнектердің көбейтіндісінің плюс екінші өрнектің квадратына тең 3. Екі өрнектің айырымының квадраты… бірінші өрнектің квадратына, минус екі еселенген бірінші және екінші өрнектің көбейтіндісіне плюс екінші өрнектің квадратына тең. 4. Екі өрнектің қосындысының кубы …. бірінші өрнектің кубына,пюс үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісіне,плюс үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісіне,плюс екінші өрнектің кубына тең 5.Екі өрнектің айырымының кубы…. бірінші өрнектің кубына,минус үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісіне,плюс үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісіне,минус екінші өрнектің кубына тең 6. Екі өрнектің кубтарының қосындысы…осы өрнектердің қосындысына олардың айырмасының толымсыз квадратының көбейтіндісіне тең 7 Екі өрнектің кубтарының айырымы… осы өрнектердің айырмасы олардың қосындысының толымсыз квадратына көбейткенге тең
VI.Сергіту сәті
VII. Кестені толтыр

VIII. Сөзжұмбақ шешу
Үйге тапсырма: Тест тапсырмалары: 82-83 бет №15-20
Рефлексия
1.Мен бүгін не үйрендім?
2. Не ұнады?
3. Қандай ұсынысың бар?
Қорытындылау. Топ басшыларының бағалауын тыңдап,қорытындылау.

Скачать

Просмотров: 20

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сколько будет: * Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.

*