Көбейткішті түбір белгісінің ішіне енгізу

Автор: Жусупкалиева Назгул Нуруллиевна, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ, мұғалім. Пәні: Алгебра.
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Көбейткішті түбір таңбасының ішіне енгізуге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Квадрат түбірлер тарауынан алған білімдерін жалпылап, тиянақтау, оқушылардың білімдерін байқау;
Дамытушылық: Ой-өрісін дамыту, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару, іскерліктерін дамыту, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, өзара жолдастық көмек көрсете білуге, ойын тиянақты, дәл айта білугеүйрету, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, компьютер, слайдтар
Сабақтың түрі: Квадрат түбірлер тарауын қайталау, білімді жүйеге келтіру
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру бөлімі:Сәлемдесу.
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
Түгелдеу. «Есімдер» тренингі
Оқушыларды ортаға шаттық шеңберіне тұрғызамын.
Шарты: әр оқушы өз есімінің әрпінен басталатын бір жақсы қасиетін айтуы керек
Мақсаты: оқушының өзін – өзі бағалауын білу және сыныптасының бойындағы қасиетті тану, жағымды қарым-қатынасты туғызу.

Топқа бөлу (Мозайка арқылы 2 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасыын сұрау.

1.«Серпілген сауал» әдісі бойынша өткен тақырыпты еске түсіру.

1) Теріс емес а санының квадрат түбірі дегеніміз не?
2) Арифметикалық квадрат түбір дегеніміз не?
3) Арифметикалық квадрат түбірдің 1 –ші қасиеті қандай? 1-теореманы айтып бер.
4) Арифметикалық квадрат түбірдің 2 –ші қасиеті қандай? 2-теореманы айтып бер
5) Арифметикалық квадрат түбірдің 3 –ші қасиеті қандай? 3-теореманы айтып бер.

Мадақтап, сенім білдіру (шапалақтау арқылы)
ІІ. «Айналмалы бекет» арқылы есептер шығару. Топтық жұмыс. Әр бекетте деңгейлері әртүрлі және ұқсас 5 есептен болады. Оқушылар есепті шығарып болғасын «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.
І топ:
1. Түбірдің мәнін тап: а)√(36/49) в) √(5 4/9) ; √(81/121)

2. Түбір белгісінің астынан шығару: а)√28 ;в) √99

3. Түбір белгісінің ішіне енгізу: а) 6√(2 ; ) в) 5√6

4. Түбірдің мәнін тап: а) √(16*25) в) √3/√48

5. Есептеңдер: а) √(81 )- √16 в) √4* √16

ІІ топ:
1. Түбірдің мәнін тап: а)√(25/64) в) √(2 14/25) ; √(81/100)

2. Түбір белгісінің астынан шығару: а)√160 ;в) √147

3. Түбір белгісінің ішіне енгізу: а)-3√(2 ; ) в) 1/2 √8х

4. Түбірдің мәнін тап: а) √(0,36*81) в) √52/√13

5. Есептеңдер: а) √(9 )- √64 в) √25* √400

ІІІ топ:
1. Түбірдің мәнін тап: а)√(49/64) в) √(13 4/9) ; √(36/121)

2. Түбір белгісінің астынан шығару: а)0,2√50 ;в) 3/5 √175

3. Түбір белгісінің ішіне енгізу: а)-8√(10 ; ) в) 5√3

4. Түбірдің мәнін тап: а) √(900*0,49) в) √4500/√500

5. Есептеңдер: а) 1/3 √(81 )- 1 в) √0,04* √0,16

ІІІ. Өрнектің мәнін есепте:

а) √(26+в) ; в=10; -1; 23; -17; 74
в) √(32+с) ; с= 32; -7; 68; -16; 89; -23;
с) х+4√х ; х= 1; 4; 0,25; 900; 16;
«басбармақ» әдісі арқылы бағалау.

Сабақ соңында «Блоб ағашы»
Үйге тапсырма: арифметикалық квадрат түбір сөзжұмбақ

Скачать

Просмотров: 258

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сколько будет: * Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.

*